Медициналық нысан ашылды

Жамбыл ауданы, Қарасай ауылында жаңа амбулатория ел игілігіне берілді.

Бұған дейін ауыл тұрғындары  ескі медициналық нысанда ем алып жүруге мәжбүр еді. Енді ол қиындық артта қалып, халық көптен күткен жаңа ғимарат бой көтерді. Қуанышты жаңалықпен тілшіміз Ақжан Анапия бөліседі. 

Ауылдағы алты жүзге жуық тұрғынның басым бөлігі жаңа емхананың қызметін пайдаланып үлгерген. Қазір бес жүз адам осында тіркелсе, отыз шақты тұрғын медициналық есепте тұр. Қатарында нәрестесін күтіп жүрген Әлия да бар.

АНАР ТІЛЕУЛЕСОВА 
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
«Ауылымызда жаңадан медицинлық қосын ашылып жатыр. Қуаныштымыз. Бұрын осы уақытқа дейін ауыла ескі бір бөлмелі медициналық қосын болған. Енді осы амбулаториялық қосынымызда узиға келетін болдық. Анализдарымызды зынағашта очереьке тұрмай ертемен тезірек жұмысымызды бітіретін болдық. Жақсы болды.»


Ауыл тұрғындары кеңес заманынан қалған ескі ғимаратта ем қабылдайтын. Ал тосыннан сырқат меңдеп, шұғыл көмек қажет болғанда ауданнан келетін фельдшерлік көлікті сағаттап күтетін. Заман талабына сай амбулатория халыққа қызмет көрсетуде. Мұнда күндізгі стационар, қабылдау бөлмесі және ем-шараға қажетті жабдықтың бәрі бар.. Дегенмен, маман тапшы.. Қазіргі амбулаторияда бір дәрігер мен медбике ғана еңбек етеді. 

ӘЛИЯ БЕЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ 
АМБУЛАТОРИЯ МЕҢГЕРУШІСІ 
«Бұл – магнитый терапия. Яғни жаңағы тізе буындары ауыратын артрит, артрозы бар науқастарды осы аппарат көмегімен қыздырып, жұмыс істейміз. Ал бұл аппарат бронхит, астма жедел форенгит сатысындағы блаларға көмектесетін аппараттар.  


Жалпы, биыл Алматы облысында медицина саласында атқарылып жатқан жұмыс ауқымды. Әсіресе Жамбыл ауданы денсаулық сақтау саласын жетілдіріп келеді.

ЕРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
«Алматы облысында тағы да бірнеше нысандар дайын тұр. Өздерінің білесіздер Нарынқол ауылында үлкен емхана ашылып жатыр. 250 адамға, осы жақында ресми ашылуы болады. Және Жамбыл ауданында емхана ашылды. Облыста пернеталдық емхана ашылды. Осы орайда Қарасай ауданы мен Ұйғыр ауданында орталық ауруханада үлкен күрделі жөндеу жүріп жатыр. Күрделі жөндеу аясында Ұйғыр ауданында 4 млрд тан астам қаражат бөлініп, қазір солекі күрделі жөндеу жылдың аяғына ейін бітуін біз жобалап отырмыз.»


АҚЖАН АНАПИЯ 
ТІЛШІ
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жобасы аясында Алматы облысы бойынша осындай медициналық нысанның отыз сегізі бар. Оның он алтысы Жамбыл ауданында. Жыл соңына дейін тағы он тоғыз нысан бой көтереді.»

Сондай-ақ оқыңыз: