Іскер әйелдер форумы

Алматы облысында табысы мол, іскер әйелдер саны артып келеді.

Бұл туралы Іле ауданында өткен облыстық іскер әйелдер форумында мәлім болды. Ал кәсіп ашып нәсіп табам деген нәзік жандыларға қандай қолдау бар? Облыс әкімдігі мен іскер әйелдер кеңесі бірлесіп ұйымдастырған айтулы іс-шара жайында қандай маңызды мәселлеер айтылды? Әріптесім Құрманжан Қасымжанұлы тарқатып айтсын. 

Әйелдердің әр салада үлесі артып келеді. Мысалы мемлекеттік басқару саласында 24 пайыз болса, мемлекеттік қызметте ісіндегі мамандардың жартысына жуығы  нәзік жандылар. Биыл облыста 7 мың әйел түрлі жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар кәсіпкерлік саласында да оларды қолдау басты назарда.  

ҚАНАТ ЕСБОЛАТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Кәсіпкерлерді қолдау және кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған бастау бизнес жобасына 703 әйел қатысты. Кәсіптік оқуды ұйымдастыруға 267 әйел, 96 әйел жұмысқа байланысты оқумен қамтылды. Сонымен қатар еңбек скилис платформасымен онлайын 1243 әйел оқытылды. Сонымен қатар әйелдер табысы ер адамдар табысынан жоғары тұратын жалғыз өңір ол алматы облысы болды


Жиынға қатысқандар әр салада жемісті еңбек етіп өз ортасына үлгі болып жүрген іскер жандар. Сондықтан да өңірдің өсіп өркендеуіне елеулі үлес қосып жүргені анық. Еңбек қашанда еленуімен құнды. Жиында бір топ үздік облыс әкімінің мақтау громотасымен алығыс хатына ие болды. Ал тек жеке кәсіп ашып, табыс табудан бөлек ұлттық құндылықтарды ұлықтап жүрген аналардың бірі Еңбекшіқазақ ауданынан келген Сәтен Райыс. 


СӘТЕН РАЙЫС
КӘСІПКЕР
Міне 15 жылдай уақыт болды. Осы кәсіппен отбасымды асырап келемін. Қазақтың осындай ұлттық құндылықтарын әрбір қыз әйел заты біліп өссе деймін. Тағы жүрсе деймін. Өзім қазір төрт балам бар. Соларды да осы салаға баулып келемін


“Іскер әйел, бизенес және жаңа дәуір” атты кезекті форумға 200 ге жуық әйел қатысты. Олардың дені өздеріндей нәзік жандыларың іс бастап кетуіне барынша қол ұшын созып жүргендер. Нақтап айтқанда ауыл аналарына заңдық құқықтық, цифрлық және қаржылық тұрғыдан тегін кеңес береді.


ЛӘЗЗАТ БОТАБЕКОВА 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ 
Олардың барлыңы тек қоғамдық жұмыс. Ешқайсысының ақысы төленбейді.  Барлығы өз аудандарында іскер әйелдер кеңесін құрған. Алматы облысындағы екі қала тоғыз аудан өздері сияқты кәспкер әйелдеріді топтастырып келеді. Сөйтіп олардың дамуына көмсектерін тигізіп келеді


Қазіргі қоғамда әйел тек  отбасын айрандай ұйытып отырған жоқ. Әр істің қиюын келтіріп, табыс тауып ел дамуына елеулі үлес қосуда.

Сондай-ақ оқыңыз: