Облыс әкімі тұрғындарды қабылдады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Көтерілген сұрақтардың басым бөлігі әлеуметтік жағдай мен жер дауына қатысты болды.Қарасай ауданында көпбалалы отбасыларға төрт жыл бұрын берілген 67 пәтердің құжаттары әлі күнге дейін заңдастырылмаған. Сондай-ақ құрылыс талаптары сақталмағандықтан сот шешімімен сүрілуі тиіс тұрғын үйдің үлескерлері де өз мәселесін айтты.  Өңір басшысы аталған түйткілдер бойынша жауапты органдарға заң аясында шұғыл шара қабылдауды тапсырды.Қабылдауда 2019 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы ананың мәселесі де қаралды. «Отбасы банк» өкілдерінің мәліметінше, биыл пайдалануға берілетін 100 пәтерден оған да баспана қарастырылуы мүмкін. Сондай-ақ Бесағаш ауылындағы жол жағдайы да көтерілді. Бұл мәселе облыс әкімінің жеке бақылауында болып оң шемін тапқан. Қабылдауда тұрғындар аймақ басшысын алғыс айтты. 


БАЗАРГҮЛ ҚАЛИЕВА
ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«1974 жылғы жол генплан АКДМ ын құртып, 2019 жылы оны жауып, базаға отырғызады. И содан бері жол жабық. Бұрынғы жолды восстановили, қазір пожарный тез өтеді, скорый бес минутта ауруларға келеді. Сондықтан, аудан әкіміне, облыс әкіміне мың алғыс.

Сондай-ақ оқыңыз: