Журналистер марапатталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, журналистердің қоғамдағы маңызды рөлін атап өтті.
Мемлекет басшысы БАҚ-ты ұлттың үні әрі қоғамның айнасы деп бағалап, конституциялық реформаны халыққа түсіндіру мен жалпыұлттық референдумды ақпараттық сүйемелдеудегі журналистердің еңбегіне жоғары баға берді. Президент цифрлық дәуірде сапалы журналистиканың маңызы арта түскенін айтып, жалған ақпарат пен дипфейкке қарсы күрестегі БАҚ жауапкершілігіне тоқталды. Сондай-ақ биыл алғаш рет өңірлік журналистерге де тұрғын үй берілетінін жеткізді. Жалпы ел бойынша ақпарат саласының 66 қызметкері баспанамен қамтылады. Мемлекет басшысы қазақ тіліндегі тұңғыш эфирді жүргізген ардагер диктор Зұлқия Жұматоваға «Құрмет» орденін табыстау туралы шешім қабылдағанын айтты. Сонымен қатар отандық медианың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар тәжірибелі журналистердің еңбегін ерекше атап өтті. Ал белгілі диктор, арнамыздың бас продюссері Қымбат Досжан “Құрмет” орденімен марапатталды.Бұл көп жылдық қажырлы еңбектің, асқан жауапкершілік пен мамандыққа деген адалдықтың жемісі.
ҚЫМБАТ ДОСЖАН
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ
Бүгін расымен де әдемі көңіл күйде тұрмын. Өйткені мемлекет басшысының қолынан алу және суретке түсу және өзінің сөйлеген сөзінде менің атымды атаған кезде тіпті таң қалдым. Бұның өзі үлкен мәртебе және алдағы уақыта үлкен жауапкершілік жүктейді