Терең ой, ұтқыр сөз

23 маусым мемлекеттік қызметшілер күні. Кәсіби мерекеге орай Іле ауданында «Әкім кубогы»  аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Сөз жарысына 18 маман қатысып, өз шеберліктері мен кәсіби біліктілігін көрсетуге мүмкіндік алды. Жиында қандай тақырыптар талқыланғанын толығырақ тілшіміз тарқатсын.

Мемлекеттік қызметші болу – аянбай еңбек етіп, халық мүддесін қорғау, елдің дамуына  септігін тигізу. Осы жауапты жүкті арқалап жүрген жандар кәсіби шеберліктерін танытуға талпынды. Олар Америкалық Парламенттік Формат бойынша өткен дәстүрлі дебатта өзара сынға түсті.   


ДАНИЯР САРЫМБЕКОВ
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
«Мемлекеттік қызметшінің өзінің сөйлеу қабілетінің, өзінің әріптестерімен қарым қатынасын үлкейтуге бағытталған. Сол бағыттар одан ары халыққа қызмет көрсету кезінде жақсы серпінін жақсы үлкен үлесін қосады деп мен сенемін»

Ой жарысында елдің дамуына оң серпін беретін маңызды мәселелер  талқыланып, тың идеялар сараланды. Әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған экономика, экология, заң мен тәртіпке қатысты тақырыптарды жан-жақты ашуға тырысты. 

ДАНИЯР БАЙМҰХАНБЕТ 
ӨТЕГЕН БАТЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ
«Қарарларға келсек өте керемет тақырып деп айтсам болады. Өйткені, мен өзім үшін жаңа нәрсе аштым. Өйткені, тақырыптан бөлек сен айтқан сөзіңнен бөлек іздену керек және қарау керек. Тақырыптар негізі мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау және жастарды тарту және тағы бір екі Қазақстан Республикасының басты, ауқымды проблемасы қамтитын тақырыптар.»

Пікірсайыс алаңы қатысушылардың шешендік шеберлігін дамытып, терең талдау жасап, дәлелді пікір білдіруіне мүмкіндік берді. Жарыс қортындысы бойынша үздіктер анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыз: