Түрген - туризм мекені

Түрген шатқалында  жаңа туристік соқпақ салынып, ел игіліне берілді. Тұмса табиғат мекенінде сиверс алмасын жаңғыртқан белгілі ғалым Аймақ Жанғалиевтің  ғылыми мұрасына құрмет ретінде  ақпараттық орталық ашылды. Бұл Іле-Алатауы табиғи паркінің отыз жылдығы аясында атқарылған кешенді жұмыс нәтижесі. Толығырақ әріптесім Ақжан Анапия баяндайды.  

Түргенде жеті туристік бағыт бар. Ол Түрген, Көкқайрақ, Аюлы сарқырамасы, сондай-ақ альпі шалғындары, Түрген шатқалы мен Жасылкөл. Бұл мекенде ғылым да дамып отыр. Мәселен,  сиверс алмасының тұқымын сақтау үшін 1 гектарға жуық аумақта мұрағаттық бақ жасақталды. Сондай-ақ  сирек өсімдіктердің генетикалық қорын сақтау үшін 32 гектар аумақта арнайы қор құрылған. 

МАҚСАТ ДЕМЕСІНОВ 
ІЛЕ-АЛАТАУЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ ТҮРГЕН ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
«Енді Түрген филиалында танымал Түрген орманшылығы болып Қайрақты водопадымыз, Аюсай водопадымыз, Есік ормашылығындағы Есік көлін таныса, бүгінгі мына Маловодный орманшылығын осы мына соқпақты сииверс алмасының шатқалындағы ел таныса екен деген мақсатта салынып отыр. Былтыр жылдың басынан бері 106 мың турист Түрген филиалына келсе, биылғы алты айда 47687 адам келді»


Бұл жерге  шетелдік ғалымдар да қызығып  келеді. Бұндай басқосулар әдетте университет қабырғасында өтетін. Ал Аймақ Жанғалиев атындағы  ғылыми орталықта ғылым мен туризм саласы кеңінен талқыланады. 


БАЯН САДАҚОВА 
ТАРБАҒАТАЙ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Тарбағатай тауынан шыққанымен негізі гендік фоны осы Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы. Бірнеше парктерді қамтиды. Сиверс алмасын сақтауымыз керек, және ол табиғатты ұрпағымызға насихаттауымыз керек.» 


Ұлттық паркте 46 соқпақ бар. Биыл «Аққайың - Көкжайлау» бағыты мен «Мәрмәр» соқпағы жаңа кейіпке енеді. Сонда-ақ бағыт-бағдар беретін белгілер орнатылып, көркем табиғатты тамашалауға келгендер үшін демалыс орны да ашылады деген жоспар бар.  Алдағы үш жылда ұлттық парк картасына тағы 30 жаңа бағыт қосылады. 

Сондай-ақ оқыңыз: