Жол сервисін дамыту

Елімізде жол бойындағы заманауи қызмет көрсету нысандары көбеймек. Бұл мақсатта Үкімет құны 180 миллиард теңгеге жуық инвестициялық жобаны мақұлдады. 2034 жылға дейін халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойында 250 көпфункционалды станция салу жоспарланып отыр. Алғашқы 50 нысан биылдың өзінде пайдалануға беріледі. Жаңа кешендерде санитарлық аймақта, сауда және қызмет көрсету орындары, сондай-ақ күн энергиясын өндіретін қондырғылармен жабдықталады.  Жоба аясында электромобильдерге арналған инфрақұрылым кеңейтіліп, шамамен екі мың жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. 

ЖАМБЫЛ БАҚТИЯР
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
“Бірінші үш жыл кезеңінде 50 ін салу жоспарланып отыр. 2034 жылға дейін 200 інсалу жоспарланып отыр. Жалпы бұл сервис салған кезде екі мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Қызмет ету нысандары дамиды. Және туризм саласы дамитын болады”

Сондай-ақ оқыңыз: