Қауіпсіздік мәселесі қаралды

Қонаевта ауыр қылмыс, интернет-алаяқтықтың, жастар арасындағы құқық бұзушылық пен жол қауіпсіздігін күшейту мәселелері талқыланды. Соңғы бес айдың қорытындысы бойынша өңірде жол-көлік оқиғалары мен қылмыстың жекелеген түрлері көбейген. Жиында атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы міндеттер айқындалды. 

Жиында жол қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударылды. Биылғы бес айда Алматы облысында 1181 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 84 адам қаза тапқан, 1729 адам жарақат алған. Дегенмен жол апатынан көз жұмғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 34,5 пайызға азайған. Мамандар жол-көлік оқиғаларының көбеюін көлік санының артуымен және жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауымен байланыстырады. Қазір өңірде жол қауіпсіздігін бақылауға 402 автоматтандырылған жүйе тартылған. Сонымен қатар орташа жылдамдықты бақылау жүйесі мен дрондардың көмегімен бес ай ішінде 1400-ден астам құқық бұзушылық анықталған.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
-----------------------------

Жиында жол инфрақұрылымын жақсарту мәселелері де көтерілді. Кейбір елді мекендерде жарықтандыру, жаяу жүргіншілер өткелі мен жол белгілері әлі де жеткіліксіз. Осыған қарамастан өңірде жолдарды жаңғырту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Соңғы жылдары республикалық маңызы бар 320 шақырым жол жаңартылса, биыл 308 шақырым автожол орташа жөндеумен қамтылған. Сондай-ақ облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарда ондаған жоба жүзеге асырылып жатыр.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
-------------------------------------------

Жиында өңірдегі криминогендік ахуал да талқыланды. Полиция департаментінің мәліметінше, бес ай ішінде құқық бұзушылықтар саны 2,2 пайызға артқан. Тіркелген құқық бұзушылықтардың жартысына жуығы алаяқтық фактілеріне тиесілі. Биыл 1591 алаяқтық дерегі тіркеліп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,3 пайызға көп. Оның ішінде интернет-алаяқтық 40 пайыздан астам өскен. Осыған байланысты тұрғындардың қаржылық сауатын арттырып, қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесінің жолын кесу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.

ҚАЙРАТ ЖҰМАНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

«Алматы облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл білім беру ұйымдарында 192-ден астам ірі іс-шара өткізілді. Әсіресе Талғар ауданында бұрынғы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жоба оң нәтиже беріп келеді. Олар оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын түсіндіру бағытында дәрістер өткізуде»

Жиын соңында жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтың алдын алуда барлық жауапты тараптың өзара іс-қимылын күшейту міндеті қойылды. 

Сондай-ақ оқыңыз: