Елге қызмет

Райымбек ауданында Мемлекеттік қызметші және Полиция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға  ел дамуы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында адал қызмет атқарып, кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігін танытқан бірқатар азамат марапатталды. Аудан басшылығы мемлекеттік қызмет пен полиция қызметінің қоғамдағы маңызы ерекше атап, халық игілігі жолындағы еңбектері үшін алғыс айтты. Іс-шарада мемлекеттік қызметке жаңадан тағайындалған жас мамандардың ант берді. Мереке  өнерпаздардың  концертіне ұласты.

ЕРМАХАН ҚАЙРАТҰЛЫ
РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
«Мемлекеттік қызметші болу – үлкен жауапкершілік. Біз әрқашан халық мүддесін басты орынға қойып, сапалы қызмет көрсетуге күш саламыз. Барша әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтап, ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тілеймін»

Сондай-ақ оқыңыз: