Жемқорлықпен күрес
Қонаевта жемқорлықпен күресте атқарылған жұмыс сараланды. Жыл басынан бері облыста 130 жуық түрлі іс-шара ұйымдастырылды.
Ал мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген мониторинг нәтижесінде бюджеттің 48 миллион теңгеден астам қаражысы үнемделген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында ақпараттық акциялар мен көрнекі насихат жұмыстары жүргізілген.
МАДИЯР ИСЕБАЕВ
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жаңағы онлайн, өздеріңіз білетіндей, «Олимптік» болсын, басқа да интернет ойындары болсын, мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан босатылуына әкеліп соғады. Өткен жылы 12 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған болатын. Оны прокуратура органдары анықтаған болатын. Биылғы жылы мониторинг барысында 13 мемлекеттік қызметші облыс көлемінде жұмыстан босатылды»