Қауіпсіз қала
Алатаудағы әлеуметтік әрі қылмыстық ахуал тұрғындарды алаңдатып отыр. Қараңғы көшелер мен қараусыз қалған ғимараттар өз алдына, зейнеткерге жасалған шабуыл әлі күнге дейін қоғам назарында.
Жауапты мамандардың айтуынша, бұған бірқатар фактор әсер еткен. Сондай-ақ тұрғындар арасында «Тұран», «Айқын нәтиже» және «Бақытты балалық шақ» жобалары туралы ақпараттың жеткіліксіз екені анықталған. Құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жаңа «Қауіпсіз Алатау» жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Бастама кәмелетке толмағандардың тәртібін күшейтіп, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттырмақ.
АРКЕН ӨТЕНОВ
АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Қауіпсіз Алатау деп аталған жол картасы қабылданды бүгін. Ол жол картасына практикалық тұрғыдан өте қажетті шаралар кіргізілді. Атап айтсақ осы құқық бұзушылықпен жұмыс жасау. Түнгі рейд, алкоголді заңсыз сататын түнгі дүкендермен жұмыс жасау, жасөспірімдермен жұмыс жасау, пробациямен жұмыс жасау сынды тағы басқа өте өзекті іс-шаралар қосылған»
АЙДЫН РАЕВ
АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
«Қала аумағында жалпы құқық бұзушылықтың 46 пайызға азайғаны байқалады. Әсіресе халықтың өмірі үшін маңызды салаларда ұрлық, отбасылық құқықтық құқықбұзушылықтар едәуір төмендеген. Тонау, қарақшылық, қоғамдық орында жасалған қылмыстар, адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, бұзақылық фактілері мүлдем тіркелмеген биыл. »