Цифрлық дәуір
Алматы облысы халықаралық жастар ынтымақтастығын біріктіруші алаңға айналуда. Биылғы Қазақ–Қырғыз жастарының кезекті форумы Талғар ауданында өтті. Жиында мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарда және IT қауымдастығында еңбек етіп жүрген екі елдің белсенді жастары бас қосты. Қатысушылар цифрлық дамуы мен болашақ мамандықтарды оқытуда қолданылатын жаңа әдістерді талқылады. Сонымен қатар лудомания мен нашақорлықтың алдын алу, цифрлық мәдениетті арттыру жобалары таныстырылды. Ал үздік идея авторларына қолдау көрсетілді. Жастар этнофестивальге қатысып, Алматы облысының туристік әлеуетімен танысты.
БІРЖАН ӘЛІМЖАНОВ
ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ, ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
«Негізінен бұл бастама екі мемлекет басшыларының кездесу барысында пайда болған. Жыл сайын өтетін форумның күн тәртібі анықталады. Биыл бұл цифрландыру мәселесіне қатысты. Негізгі қатысушы осы екі елде IT жобаларды жүзеге асырып жүрген жастар.»
БАКАЙ ҚОЖАНҚҰЛҰЛЫ
ҚЫРҒЫЗСТАН МӘДЕНИЕТ, АҚПАРАТ, ЖАСТАР САЯСАТЫ МИНИСТРЛІГІНЕ ҚАРАСТЫ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
«Форумның басты мақсаты екі ел арасындағы жастардың ынтымақтастығын арттыру. Бүгін біздің жастар цифрлық сауаттылық, жасанды интелекті қолдану мәдениеті бойынша түрлі жобаларын дайындап келді. Биылғы жиынға Қырғызстаннан 25 жас келіп қатысып отыр.»