Желкенді қайық жарысы

Алматы облысында желкенді спорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

 Қапшағай су қоймасында жалауы желбіреген дәстүрлі жарыс еліміздің ең үздік яхтсмендерін бір арнаға тоғыстырды. Дүбірлі додада үіздік шыққан спортшылар күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарында ел намысын қорғауы мүмкін.


Қолайлы климаты мен шалқар айдыны бар Қапшағай су қоймасы еліміздегі  яхтинг мектебінің бас базасы болып келеді. Жарысқа Алматы, Қарағанды, Түркістан және Маңғыстау облыстарынан 50-ден астам спортшы жиналды. Олардың арасында Антон Гаас, Яна Белозерова, Таисия Ильина сынды халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері де бар. Жарыс бағдарламасына «Оптимист», «Кадет», «470» және басқа да олимпиадалық сындар енгізілген. Алайда, құбылмалы ауа райы мен желдің бағыты спортшыларға оңай соқпай тұр.


ОЛЕГ КУЛИВАЦКИЙ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕЛКЕНДІ СПОРТТАН АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Желкенді қайық спорты - аса күрделі. Мұнда спортшы техниканы жетік меңгеріп қана қоймай, екпінді жел және асау толқынмен күреседі. Жарыс күндері жігіттер су бетінде 4-тен 6 сағатқа дейін жүреді. Әсіресе, шетелдік додаларда 30 градус ыстық пен 100 пайыздық ылғалдылықта сыналатын сәттер аз емес. Ал бүгін Қапшағайда жел баяу, толқын да туламайды. Соңдықтан, бүгінгі жарыста бір кезеңнің өзі бір жарым-екі сағатқа созылуы мүмкін

Расымен де, желкенді спорт тек физикалық күшке емес, ең алдымен жоғары тактикалық ойлау мен қас-қағым сәтте жылдам шешім қабылдауға негізделген. Бұл ретте іріктеу кезеңінің маңызы өте жоғары. Себебі дәл осы додадан су айдынының хас шеберлері Жапония мен алдағы Олимпиада жолдамасына алғашқы қадам жасайды.

МАҚСҰТ НАРБАЕВ
ҚР ЖЕЛКЕНДІ СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ
Қыркүйек айында өтетін Азия ойындары Жапонияда, соған алты жігітті осы жерден іріктеп аламыз. Себебі олардың барлығы бұл іріктеуден өткізіп, оқу-жаттығу жұмыстары бар. СКЛ алдағы уақытта біз еліміздің көк байрағын көтеруге әрекет жасауға, осының барлығына ат салысамыз деген мақсаттамыз

ЕРКЕБҰЛАН САРДАРБЕКОВ
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Желкенді қайық спортына қатысқаныма 7 жыл болды. Мен өзім 13 жасымда келдім бұл спортқа. "Оптимист" класында чемпион Казахстан болдым. СКЛ Осы спортта чемпион болсам, егер Токиода болатын олимпиадада, Азиатский игрыда, бұйырса, бағымызды сынаймыз сол жерде

Тартысты басталған Қазақстан чемпионаты маусымның 30-ына дейін жалғасады. Құбылмалы желді ырқына көндіріп, қарсы жүзе білген ең мықтылар ғана Азия құрлығында ел намысын қорғауға аттанбақ.

Сондай-ақ оқыңыз: