Тазалық акциясы

Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында өңірде абаттандыру және тазалық жұмыстары қарқын алды.

Осыған орай Жастар саябағында сенбілік ұйымдастырылды. Ойын алаңдары сырланып, ағаштар әктелді, аумақтың шөбі орылып, саябақ маңы қоқыстан тазартылды. Тазалық акциясына аудан тұрғындары, жастар және түрлі мекеме қызметкерлері белсене қатысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты. Акция ауданның барлық елді мекенінде жалғасып, тұрғындардың қолдауымен жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыз: