Өрттен абайлаңыз
Өрттен сақтаныңыз! Еңбекшіқазақ ауданында ауқымды табиғи өрт болды. Киікбай таулы аймағында қураған шөп өртеніп, аймаққа лезде тараған.
Жалын шарпыған жердің жалпы аумағы 40 гектар. Өртті сөндіруге төтенше жағдай қызметі мен Іле-Алатауы табиғи паркінің 100 астам қызмтеткері мен 18 арнайы техника жұмылдырылды. Тілсіз жаумен күреске тікұшақ тартылып, әуеден 13 рет су төгілді. Шұғыл әрекеттің арқасында 30 гектар бидай алқабы аман қалды. «Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ» деп хабарлады облыстық төтенше жағдай депаратменті.