Ауылға газ келді

Іле ауданы, Әли ауылы газға қосылды. Көмір тасып, пеш жағып жүрген тұрғындардың өтініші жеке инвесторлар мен әкімшілік тарапынан қолдау тауып, 300 отбасының мәселесі шешілді. Ауыл адамдары алау жағып, қуанышты күнді бірге атап өтті. Толығырақ келесі бейнематериалда. 

Әли ауылында екі мыңға жуық тұрғын бар. Қазір оншақты отбасы ғана көгілдір отынға қосылмаған. Олар да жуық арада көгілдір отырнға жалғанады. Ал жалпы құбырға қосылып, газды пайдалану құны – 500 мың тенге көлемінде. 

СЕРІК БЕДЕЛБАЕВ 
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
«Мына әкімшілікке ,строй бренд компаниясына бергеннен кейін заявканы келді. Газдарымызды кіргізіп, тездтіп, тездетіп жасап берді. Ауылдың азаматтары бәрлері газ қосып, өте бүгін, өте қуанып отыр. Менде өзім қуанышты болып отырмын. Газ кіріп, елдің бәрі кәдімгідей бір мәртебесі көтеріліп қалды.»

Игі іс облыстық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы мен жеке серіктестік арасында жасалған ынтымақтастық нәтижесінде екі айда аяқталған.  Сондай-ақ ауыл ішінде екі  газ реттеу қондырғысы орнатылды. Мамандар тұрғындарға қауіпсіздік шарасын түсіндірді. 

НҰРЖАН ТҮЙМЕБАЕВ
«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ ЖЕТІСУ ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Газдың енді иісі жоқ, көзге көрінбейтін болғаннан кейін үйге газқосылған кезде сигнализатор істейді. Дабыл қаққыштар жұмыс істеп тұрғаны жөн. Ол дереу газ шығуы болған уақытта кранды тежеп, газды тоқтатады және егер үйге келіп, газдың иісі шығып жатса дереу 104 ке хабарласып, терезелердің бәрін ашып, және сыртқа шығуларын сұраймыз.»


Инвесторлардың айтуынша  газ жүйесіне жеңілдікпен қосылған отбасылар да бар. 


ДИНА ЕСЕНБЕКОВА
«СПЕЦ СТРОЙ БРЭНД» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
«Күміс алқаға, инвалидтар 1,2 группаға және отбасында дцп бала асыраушыларға сондай кісілерге біз жеңілдіктер қарастырып қойдық.»


Дегенмен газ желісі шалғайда шағын елді-мекендерді қами бермейді. Ол үшін ауылда кемінде жүз үй болуы шарт. 


АҚЖАН АНАПИЯ 
ТІЛШІ 
«Мына заманда көгілдір отынның игілігін әр үй көруі қажет. Іле ауданында 22 елді мекеннің 21 табиғи газға қосылған. Ендігі кезекте Күрті ауылы ғана қалды. 

Сондай-ақ оқыңыз: