Жаңа зауыт ашылды
Қарасай ауданында құрылыс саласына қажетті өнімдердің кең көлемін шығаратын кәсіпорын ашылды. Инвестициялық жобаны қытайлық компания іске асырды. Болашақта бұл өндіріс ошағында ,жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланып отыр. Заманауи кешен жайлы толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Алматы облысы бойынша ең ірі кәсіпорындардың бірі саналатын жаңа зауытта құрылысқа қажетті есік терезеден бастап, метал конструкция мен бетонға дейінгі ең қажетті бөлшектер шығарылады. Нарыққа енді қосылған компанияда 80 адам еңбек етуде.
ТИВЕЙ РУ
КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫ
«Бұл зауыт бетон және метал өндіру бойынша өңірдегі ірі кәсіпорын саналады. Өнімнің 60 пайызға жуығын Алматы облысы мен қаласына жіберіледі. Қалғаны Шымкент пен Батыс Қазақстан облысына жөнелтіледі. Және Өзбекстан, Қырғызстаннан сұраныстар келіп түсіп жатыр.»
Облыстың инвестициялық және экономикалық әлеуетін дамытуға бағытталған осындай жобалар көптеп жүзеге асырылуда. Мәселен Қарасай ауданында соңғы 3 жылдың ішінде 21 кәсіпорын, 14 логистикалық орталық ашылып, 8 өндіріс орны модернизациядан өтті. Биыл осындай жобаларға 288 млрд. инвестиция тарту көзделуде.
ӘДІС СЕЙДАХМЕТОВ
ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қарасай айданына көптеген инвесторлар өз жобаларын алып келуде. Былтыр 2025 жылы 670 млрд өнім шығарылды. Өсім қарқыны жыл сайын артуда. Бұған ауданның географиялық орналасу нүктесі оң әсерін тигізуде. Мәселен біздегі темір жол, Алматы-Бішкек, Алматы-Астана сынды ірі магистралды жолдары инвесторлардың жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасап отыр.»
Кәсіпорында жыл сайын 300 мың шаршы метр сэндвич-панель. 300 мың шаршы метр металл жабыны өндіріледі деп жоспарлануда.