Алматы облысының экспорты жаңа деңгейге көтерілді!

Алматы облысының өнімдері 61 елге экспортталады. Қазір өңірдегі 49 кәсіпорын сыртқы нарыққа өнім шығарып отыр. Соңғы үш жылда экспорт көлемі 1 млрд. АҚШ долларына жеткен. Бүгінде облыс кәсіпорындары өнімдерін Өзбекстан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Польша, Иран, Ирак және Пәкістан сынды елдерге экспорттайды. Экспорттың 60 пайыздан астамын ауыл шаруашылығы өнімдері мен қайта өңделген тауарлар құрайды. Сондай-ақ құрылыс материалдары, фармацевтика, химия және сусын өнімдері де шетелге жөнелтіледі. Өндірісті жаңғырту, инвестиция тарту мен көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту ,жергілікті кәсіпорындардың халықаралық нарыққа шығуына жол ашып отыр.


АЙБОЛ РАҚЫМБАЕВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
"Қазіргі таңда экспорт құрылымында шикізат пен дайын өнімнің үлесі шамамен тең. Яғни экспорттың 50 пайызы дайын өнім, ал қалған 50 пайызы шикізат. Алматы облысы агроөнеркәсіптік бағыттағы өңір болғандықтан, азық-түлік өнеркәсібі мен сусын өндіру саласы қарқынды дамып келеді. Бұл бағытта көптеген кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар құрылыс индустриясы да жақсы дамып келеді. Атап айтқанда, бетоннан жасалған дайын бұйымдар, металл конструкциялар және құрылысқа қажетті өзге де өнімдер өндірісі артып келеді" 

Сондай-ақ оқыңыз: