Жұмыс бар!

Алматы облысында жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып жатыр. Жыл басынан бері өңірде 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Оның басым бөлігі тұрақты жұмыс орындары. Сонымен қатар, жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту, жаңа мамандыққа бейімдеу және кәсіпкерлікке тарту шаралары да қарқын алған.


Жыл басынан бері облыста 14 471 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның 8 336-сы тұрақты, ал 6 мыңнан астамы уақытша жұмыс орындары. Нәтижесінде 7 мыңнан астам жұмыссыз тұрғын тұрақты еңбекпен қамтылды. Ал субсидияланатын жұмыс орындары арқылы 7 мың 800-ден астам азамат еңбек нарығына тартылған. 


ДАРХАН ЕРДӘУЛЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК МОБИЛЬДІГІ ОРТАЛЫҒЫ КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«2026 жылдан бастап жұмыссыз деңгейін азайту мәселесі бізде екі қала, тоғыз ауданда мансап орталықтар жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда бізде жұмыссыз деңгейін азайту мәселесі бойынша, бізде белсенді шаралар бойынша жұмысқа қамтылып жатыр. Ол жақта атап айтқанда бізде ақылы қоғамдық жұмыс, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары, күміс жас жобасы бағдарламалары аясында бар бізде»

Мамандардың айтуынша, бүгінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруге басымдық беріліп отыр. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 494 жұмыссыз азамат жаңа мамандық меңгеріп жатыр. Сонымен бірге «Бастау Бизнес» жобасы аясында 1 500-ден астам адам кәсіпкерлік негіздерін оқып, жеке ісін бастауға мүмкіндік алуда.

ДАРХАН ЕРДӘУЛЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК МОБИЛЬДІГІ ОРТАЛЫҒЫ КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
« Бізде бастау бизнес жаңа өз ісін ашуға грант беріледі. Ол қазіргі таңда бізде биыл жоспарымызда 950 азаматқа қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Қазіргі таңда бізде бірінші лек отырысы 17 мен 22 маусым айының аралығында өтетін болады. Қазіргі таңда өтініш беру бізде «Бизнес Еңбек» КЗ сайты арқылы іске асады. Ол жақта сертификат алады оқып. Сертификат алғаннан кейін бизнес жоспарын жобалайды. Сол бизнес жоспары оны жанағы дайындалып, комиссия отырысының отырысына барып, сол бизнес жоспарын өзі қорғайды. Сол істеген жанағы жұмыссыз деңгейді азайтудың бір себебі сол бізде»

Өңірде әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері квота аясында 58 мүгедектігі бар азамат, 24 бұрын сотталған адам және пробация есебіндегі 46 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Жалпы, 16 785 жұмыссыздың 1569-ы тұрақты жұмысқа орналасса, 3849 адам белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылды. Мамандар бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын айтады.

Сондай-ақ оқыңыз: