АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – ЭКОНОМИКА ӨЗЕГІ

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерімен кездесіп, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарындағы ірі агробизнес кешендерінің жұмысымен танысты. Бүгінде Алматы облысы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі бойынша елде екінші орынды иеленіп отыр. Биыл алғашқы жартыжылдықта облыста 265,8 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, салаға 123 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Сондай-ақ азық-түлік экспорты 41 пайызға артты.


БАҒЛАН АЙЫМҰРЗАЕВ     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ 
2023 жылдан бастап біз өсімдік шаруашылығын қаржыландыру көлемін 140 миллиард теңгеден 1 триллион теңгеге дейін арттырдық. Осылайша, бұл мәселе шешімін тапты. Ендігі кезектегі міндетіміз – мал шаруашылығы саласын қаржыландыру. Осыған орай, Мемлекет басшысы 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған мал шаруашылығын дамытудың арнайы кешенді жоспарын қабылдау жөнінде тапсырма берді. Мақсат – ірі қара мал санын 12 миллион басқа, ал ұсақ мал санын 28 миллион басқа дейін жеткізу. Бұл ретте біз әсіресе Алматы облысынан үлкен әлеует байқап отырмыз.


Сапар барысында министр «Adal» агро сүт тауарлы фермасына, «Айдарбаев» шаруа қожалығына сондай ақ «Agrobaltabai» мал өсіру және бордақылау кешеніне аялдады. Оған қоса «Qazaq Global Food» бірлескен кәсіпорны мен «Баймен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне де барды. Әр нысанда заманауи технологияларды енгізіп ауылшаруашылығы өнімдерін ұтымды өңдеу жұмыстарын пысықтады. Әрі фермерлерге мемлекеттік қолдауды үйлестіру мәселелерін де талқыланды. Министрдің Алматы облысына жасаған жұмыс сапары туралы толық ақпаратты алдағы жексенбіде шығатын «Apta Mańyzdy» бағдарламасынан көре аласыздар.

Сондай-ақ оқыңыз: