Инвестиция серпіні

Жыл басынан бері өңірде экономикалық өсім бар. Өндіріс пен өнеркәсіп өркендеп келеді. Облыста ірі инвестициялық жобаларды іске асыруда нәтижелі жұмыс атқарылды.  Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ауқымды міндеттер әкімдіктің кеңейтілген отырысында  талқыланды.


Басқосуда облыстың экономикасын дамыту,  жетістіктер мен кемшіліктер айтылды.  Соның бірі инвестиция көлемі. Тартылған тікелей капитал жарты триллионнан асып, өсім 18,5%-ды құрады. Облыс Республика бойынша үздік 3 экономиканың қатарына қосылды. 


МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Қол жеткізілген нәтижелерге босаңсуға болмайды. Алдымызда ауқымды міндет тұр. Биыл жалпы өңірлік өнім көлемін 7,4 трлн теңгеге жеткізуіміз керек. Бұл экономикаға қосымша 730 млрд теңге көлемінде өнім қосуды талап етеді. Сондықтан облыс әкімінің орынбасарлары ішкі резервтерді толық іске қосу және бекітілген жоспарлардың орындалуын бақылауға алу тиіс»

Экномиканың негізгі қозғаушы күші өнеркәсіп саласы. Өңірде оның саны мен  қуаты  артып келеді. Агроөнеркәсіп саласында 43 инвестициялық жоба іске асуда.  Биыл оның 100 миллиардтан асатын 9 жобасы аяқталады.  Сондай-ақ пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару, субсидия және шағын және орта бизнесті қолдау барысы да кеңінен талқыланды. 

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Әрбір қолдау шарасы жаңа өндіріс орындарын ашуға, жұмыс орындарын құруға және бюджет кірісін арттыруға бағытталуы тиіс. Екіншіден инфляция деңгейі мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өзгеруі. Өсім себептерін анықтау, алдын алу шараларын қабылдау, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету, тауар қорын қалыптастыру және баға тұрақтылығын сақтау бойынша нақты шаралар қабылдануы қажет»

Экономикамен бірге құрылыс қарқыны да үдеп тұр. Алты айда 843 мың шаршы метрден астам тұрғын үй халық ігілігіне берілді. Сондай ақ,  жылыту маусымына дайындық пен елді-мекендерді селден қорғау мәселелері айтылды. 

Сондай-ақ оқыңыз: