Құмар ойын ойнаған 12 мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылды

Былтыр Алматы облысында құмар ойын ойнаған 12 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет  істері агенттігі,  облыстық  депаратаментінің жылдық жұмыс есебінде  айтылды.

Сонымен бірге  интернет арқылы букмекерлік кеңселерде бәс тіккен 9  қызметшіге қызметтік тексеру жүргізіліп, олар да лауазымдарынан айырылды.  Ал  кірістер мен мүлік туралы декларация тапсырмағанЫ үшін 19 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы Алматы облысындағы  мемлекеттік мекемелерде  4 мыңнан астам штат бірлігі бар. Былтыр  ішкі конкурстар арқылы 120-дан астам қызметкер өз деңгейін көтеріп, жоғары лауазымға шыққан. 900-ден астам маман оқыту курстарынан өтті. 

ОЛЖАС ҚАЛЫМЖАН
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
«2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасымен 26 тексерулер жүргізілді. Тексерулер нәтижесінде 60-қа жуық азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. Бұзушылықтардың сипаты атап айтқанда: еңбек демалысын беру кезіндегі тәртіптің бұзылуы, конкурс тәртібінің бұзылуы және мемлекеттік қызметшілерді іс-сапарларға жіберу кезінде тәртіптіктің бұзылуы» 

Сондай-ақ оқыңыз: