Діни экстремизмнің алдын алу
Желіде діни ағымдар туралы жарияланымдар жиі таралуда. Арасында адамды адастыратын жат ағымдар да жоқ емес. Әсіресе балалар мен жасөспірімдерді алдап-арбайтындар көбейген.
Осы мәселенің алдын алу мақсатында облыста ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған түрлі семинарлар өткізілуде. Спикерлерге жүктелген маңызды міндет діни экстремизмнің алдын алып, тұрғындарды радикалды ағымдардан сақтау. Діни экстремизмнің мәнін, белгілерін және қауіптілігін түсіндірген мамандар теріс діни идеологиялардың қоғамға тигізетін зиянын айтты. Талғар ауданынан бастау алған шарада 100 ден астам ұстаз қамтылмақ. Себебі «Мұндай қиындық туындаса баланы дұрыс жолға сала алатын бірден бір жан осы мұғалімдер»,- дейді мамандар. Жиында дәл осы оқытушыларға жүктелетін міндет оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, жалған ақпаратты ажырата білуге үйрету. Ұйымдастырушылардың сөзінше мұндай жиындар қоғам қауіпсіздігін нығайтып, жастарды жат ағымнан қорғауға септігін тигізеді.
ДАНИЯР ХАМИТЖАН
ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Іс-шараның мақсаты, өздеріңіз білесіздер әлеуметтік желілер дамыған заман. Жастар көбісі қандайда бір материалдарға қызықса әлеуметтік желілерден қарайды. Сондықтан бізде мұғалімдерге дін саласындағы біліктіліктерін дамыту мақсатында, жасөспірімдермен жұмыс жасау барысында діни радикализмнің алдын алу мақсатында осындай семинар өткізіп жатырмыз.