Қонаев қаласындағы дәмханада өрт шықты
Қонаев қаласындағы дәмханада өрт шықты.
Кешқұрым уақытта кенеттен басталған өрт лезде бүкіл ғимаратты шарпыған. Куәгерлердің айтуынша сол сәтте нысан ішінде болған келушілер мен қызметкерлер сыртқа шығып үлгерген. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру қызметі жалынды 7 минуттың ішінде ауыздықтады. Мамандардың жедел әрекетінің арқасында от көршілес орналасқан өзге нысандарға өтпеді. Жыл басынан бері облыс аумағында 152 өрт оқиғасы тіркелген.