Темір жол бойындағы қайғылы оқиғалар саны азаймай отыр
Темір жол бойындағы қайғылы оқиғалар саны азаймай отыр. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында 5 азамат пойыз астына түсіп, қаза тапқан. Сонымен қатар, темір жол желісінде төрт түліктің де жиі мерт болуы тіркеледі. Осыған байланысты темір жол маңында тұратын тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі. Темір жол желілік полиция қызметкерлері азаматтарды сақтық шараларын күшейтуге шақырып, бұл мәселенің өзектілігі артып отырғанын атап өтті.
Пойыз тежегішті баса сала тоқтай қалатын жеңіл көлік емес. Тоқтау аралығының өзі кемі 800 -1000 метірге дейін созылады. Ал тұрғындардың жауапсыздығы яғни, ішімдік ішу, сондай ақ құлаққппен қауіпті жерде серуендеуі салдарынан қайғылы оқиғалар жиі болады» деді мамандар.
ДАРХАН АБДУЛЛАЕВ
АЛМАТЫ ЖОЛ ДИСТАНЦИЯСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ
«2026 жылы 9 рет шұғыл тежеу орын алды. Алматы жол дестанциясы бойынша оның бесеуі адам өлімімен аяқталды. Ең бастысы адамдар сақтық ережелерін сақтамайды. Ішімдік ішіп құлаққаппен жүреді. Осы бесеудің бірі тіпті өзіне қол жұмсау суцид фактісімен болды»
Бұл Байсерке – Қайрат бекеті арасындағы саяжай жол өткелі. Іргедегі тұрғындар үлкен жолға шығу үшін күнделікті осы өткелді кесіп өтеді. Темір жол инспекторлары азаматтарға сақтық ережелерін түсіндіріп, заң бұзушылыққа ұрынғандарға әкімшілік айыппұлдың да артып жатқанын ескертті. Десе де қанша абайлап жүрсек те қауіп аяқ асты деген тұрғындар осы тұста көпір салынса деген тілектерін айтты.
АЙГЕРІМ ӘБДУӘЛИ
САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ
«Күнде осы жолмен жүреміз. Кейде пойызды күтіп тұрамыз. Өтіп болғанша. Машинамен де жаяу да жүреміз. Әрине үстінен өткел жол болса жақсы болар еді.»
ӘСЕТ ТІЛЕУКЕНОВ
САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ
«Кейде адамдар тыңдамай кетеді. Тыңдайтын ақылды адамдар да бар. Қызыл жанады тоқтаймыз пойыз өткенін күтеміз. Өзім осында тұрып жатқалы 13 жыл болды.»
8 пикет, Қайтат – Байсерке станциясы аралығындағы 1654 шақырымда бүгін таңғы сағат 9: 04 минут өткенде мал басу фактісі орын алды. Достық – Алматы бағытында жүйткіп келе жатқан жолаушылар пойызының табанына мына бір бас жылқы түсіп мерт болған.
Осындай жол бойында қараусыз жүрген мал отарбаны шұғыл тежеуге мәжбүр етеді. Алайда малы мерт болғанмен иесі бой тасалап қалуға тырысатын көрінеді. Желілік полиция бұл малдың кімдікі екенін анықтап, тиісті әкімшілік шара қолданамыз деп отыр. Себебі мұндай ірі түліктер шойын дөңгелекті жазатайым релістен шығарып жіберуі бек мүмкін.
ДІНМҰҚАМЕД ЖОЛДАСБЕК
КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ
«Біздер тараптан осыған дейін тұрғындармен профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Қазіргі таңда осы жылқымен енін таңбасын сондай айрықша белгілерін анықтап, иесін тауып әкімшілік хаттама толтырамыз. Сонымен қатар айыппұл салынады. Ары қарай тағы түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз»
Темір жолдың облысымызға тиеселі жалпы аумағы 435 шақырым. 22 станцияны қамтиды. Мұнда Қарасай, Іле және Жамбыл аудандарындағы елді-мекендерде 11 заңды өткел және руқсат етілмеген 37 нүкте бар. «Міне осы тұстарда кісі аяғы сиремейді. Ал мал қағу фактілері де тиылмай тұр» дейді жауапты мамандар.
НҰРЖАН АНАРБЕКОВ
АЛМАТЫ ЖОЛ ДИСТАНЦИЯСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ БӨЛІМІНІҢ ШЕБЕРІ
«2025 жылдың 12 айында 23 шұғыл тежеу болды. Ол темір жолға қараусыз жүрген малдардың шығуынан. Оның 24 пойыз табаныан түсті. Ал биыл осы күнге дейін үш шұғыл тежеу орын алып, бір мал басу фактісі орын алып тұр. Атап айтқанда мұндай фактілердің көбі Қайрат- Байсерке, Байсерке – Жетісу, Жетіген – Қайрат, Қопа – Жирен айғыр, Жирен айғыр – Шамалған деген аумақтарда жиі орын алады»
Апат айтып келмейді. Сондықтан құқық қорғаушылар темір жол маңындағы тұрғындар мен шаруаларды - қауіпсіздік ережесін барынша қатаң сақтауға шақырады.