Жамбыл мұражайының аумағында 180 түп ағаш отырғызылды
Жамбыл мұражайының аумағында 180 түп ағаш отырғызылды. Бұл игі шара ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
«Таза Қазақстан» акциясында ауыл тұрғындары мұражай ауласына жеміс ағаштарын екті. Аталған орынның тарихи маңызы ерекше. Мұнда жыр алыбы Жамбыл Жабаев пен қазақтың көрнекті композиторы Нұрғиса Тілендиев жерленген. Сондықтан тарихи нысан аумағын көгалдандыру – келешек ұрпаққа қалатын құнды мұра. Мұражай алдындағы Жамбыл атаның өз қолымен отырғызған екі ағаш бүгінде алып бәйтерекке айналды. Осы игі дәстүрді жалғастырған бүгінгі буын жаңа жеміс бағының негізін қалады.
БАҚЫТЖАН ЖАЙЛЫМЫСОВ
ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
«Ауылымызға алыс жақын елді мекеннен, шетелдерден кісілер қонақтар жиі келеді. Сол себепті біз тазалыққа мұқият назар қоямыз. Ендігі жоспар жол бойына ағаш ексек, қайын ағаштарын ексек деген 180 түп деген. Оны да отырғызамыз деген ниеттеміз»