Цифрлық дәуірдегі қазақ тілі

Цифрлық дәуірдің талабы – ұлттық контентті дамыту. Ақпараттық технологиялар қарқын алып, жасанды интеллект адам өмірінің барлық саласына терең бойлаған заманда тіл мәдениетінің жағдайы қандай? Осындай жаһандық бетбұрыс кезеңінде ұлттық тілдің қадір қасиетін нығайту қалай жүріп жатыр. Осындай тақырыптар Қарасай ауданында өткен семинарда талқыланды.

Сауатты сөйлеу, қатесіз жазу қазақ тілінің құнын түсірмей, мәртебесін көтеру қай заманда да маңызды міндет. Әсіресе жаңа технологиялар мен түрлі терминдер, цифрлы дәуірдегі тіл мәдениетіне өзінше ықпал етіп жатқан кезеңде дейді мамандар. Қарасай ауданында қолға алынған жаңа жобаның да мақсаты осы мемлекеттік тілді нығайту, байлығын дұрыс пайдалану. 

САЛТАНАТ БЕСПАЕВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
«Қазақ тілінің сөз құндылығын, сөздік қорын жасанды интеллект арқылы дамыту. Оны жастарға қолданыста тиімді ету. Жалпы басқа өзге ұлт өкілдеріне, мемлекетке қазақ тілін дамытсақ деген ойымыз бар. Ол қалай дамиды әрине жастар арқылы.»

Бастама аясында өзге тілдер де назардан тыс қалып жатқан жоқ. Оқушылар бастауыштан бастап қытай тілін қосымша меңгерсе, ағылшын тілін тереңірек оқуда. Ал енді бірі құл темірге жан бітіріп, қалауынша сөйлетіп, емін-еркін басқаруда.  

ДІНМҰХАМЕД ШАЛҚАРҰЛЫ 
ОҚУШЫ
«Екі күн осы роботтың программасын жасадым. Ал өзін 45 минутта құрастырдық. Осы роботпен жарысқа қатысып, 2 орын алдық.» 

Өңірде тіл мәдениетін дамыту мақсатында арнайы курстар да ұйымдастырылып жатыр. Жыл басынан бері 1000 нан астам азамат жарнама тақталары сынды хабарландыруларда сауатты әрі дұрыс жазу мәдениетін меңгерген. Тіл мәртебесін көтеріп, қадір қасиетін арттыратын бұл бастама басқа аудандар да жалғасын таппақ.

Сондай-ақ оқыңыз: