Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы «Білімгер» мектебінде маңызды патриоттық іс-шара өтті
Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы «Білімгер» мектебінде маңызды патриоттық іс-шара өтті. Білім ордасының аумағында еңселі ту тұғыры орнатылып, көк байрақ көкке көтерілді.
Салтанатты рәсімге қоғам қайраткерлерімен қатар, Олимпиада жүлдегерлері - Нұрбақыт Теңізбаев пен Демеу Жадыраев арнайы қатысып, жас ұрпаққа жігер берер тағылымды ойларымен бөлісті. Қонақтар ел болашағы – жастарға отансүйгіштік, табандылық пен еңбекқорлықтың маңызын айтты. Іс-шара Наурыз мерекесімен ұштасып, мектеп ауласында кең көлемде тойланды. Ұлттық дәстүрлер дәріптеліп, «көрісу», «бесікке салу», «тұсау кесу» сынды салт-дәстүр көріністері сахналанды. Ұстаздар мен оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып шығармашылық бағдарлама ұйымдастырды. Осындай игі бастама арқылы жас ұрпақ бойында елге деген сүйіспеншілікті арттыруды мақсат еттік дейді ұйымдастырушылар.
ӘНУАР ҚҰЛЖАНОВ
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
Мереке құтты болсын. Бұл айда біздің салт дәстүрлеріміз дәріптеліп, ұлтық руханиятымыздың барлық салт дәстүрлерін жас ұрпақ бойына сіңіретін тамаша сәт.
АЙДЫН ЕСЕНОВ
«БІЛІМГЕР» МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
«Қазағымыздың ұлттық ойындарын ойнатып, білмгер мектебінен осындай іс шаралар өтіп жатыр. Осы мектебімізжден небір білімді,білікті елімізге адал қызмет жасайтын азамат, азаматшалар шыға берсін»