Ұйғыр ауданы, Шырын ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
Ұйғыр ауданы, Шырын ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұл – ауыл тұрғындары үшін аса маңызды әрі көптен күткен қуанышты жаңалық. Заманауи талаптарға сай жабдықталған медициналық нысанның ашылуы – шалғай елді мекендегі халыққа сапалы медициналық көмекті бұрынғыдан да жақындата түсті.
Шарын - Алматы мен облыс орталығы Қонаевтан шалғайда орналасқан ауыл. Салтанатты шараға аудан басшылығы, медицина қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты. Ашылу рәсімі концерттік бағдарлама және ұлттық дәстүрлермен өріліп өтті. Ең бастысы, бұл игі іс ауыл халқының өмір сапасын жақсартып, емдеу ісін жеңілдетеді.
НҰРСҰЛТАН БОЛАТҰЛЫ
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҰЙҒЫР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
“Бұл фельдшерлік акушерлік пункт «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» бағдарламасы аясында салынды. Мұнда 4 маман жұмыс істейді, алдағы уақытта аудан бойынша тағы 2 пункт ашу жоспарланған.”
Жалпы аудан бойынша 6 медициналық нысан кезең-кезеңімен іске қосылуда. Бұған дейін Ават, Тиірмен және Дардамты ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттер пайдалануға берілді.
СМАЙЫЛ МАХПИРОВ
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
“Бүгін ауылымыз үшін үлкен күн. Енді ауданға бармай-ақ, өз ауылымызда сапалы медициналық көмек аламыз.”
Жаңа нысан заманауи медициналық құралдармен жабдықталды. Алғашқы медициналық көмек, ана мен бала денсаулығын бақылау және профилактикалық тексеру бөлмелері бар. Енді тұрғындар дер кезінде дәрігерлік кеңес алып, қажетті ем-шараларды өз ауылында қабылдай алады.