Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына құжат қабылдауды бастады
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына құжат қабылдауды бастады. Науқан 1-ші маусымға дейін жалғасады.
Мемлекеттік гранттар саны да артқан. Магистратураға – 200 орын, докторантураға – 12 орын бөлінген. Айта кетерлігі, магистратура гранттары өткен жылмен салыстырғанда 80 орынға көбейген. Жаңа оқу жылында білім бағдарламаларының саны 15-ке жетіп отыр. Олардың қатары құқық, іскерлік әкімшілендіру және цифрлық мемлекеттік басқару секілді жаңа бағыттар толықтырды. Қабылдау талаптары да күшейтілді. «Мемлекеттік саясат» бағдарламасына түсу үшін ағылшын тілінен халықаралық сертификат қажет, ал барлық үміткер мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс. Іріктеу екі кезеңнен тұрады. Алдымен сараптамалық эссе мен сұхбат. Ал докторантураға түсушілер қосымша зерттеу жобасын қорғайды.
ҚАЗЫБЕК ДӘУІТӘЛИЕВ
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ
«Оқудың екі мүмкіндігі қарастырылған. Біреуі барып оқу, ондай жағдайда жалақысы сақталады стипендия түрінде орташа. Екіншісі жатақханамен тегін қамтамасыз етіледі, үшінші оқуды бітіргеннен кейін мемлекеттік қызметте карьералық өсуге мүмкіндіктер өте көп. Екінші форматы оқудың бұл бұрыңғы сөзбен айтсақ, сырттай сияқты көрінеді бірақ аралас деп айтсақ болады. Өзінің атауы модульдік оқыту деп аталады. Бұл бойынша үш мамандықты оқиды. Мемлекеттік басқару, өңірді дамыту, үшіншісі биыл қосылған әкімшілік басқару деп атаймыз»