Қарасай ауданында цифрлық білім форумы өтті
Цифрлы заман білім беру жүйесін жаңа кезеңге жетелеп отыр. Қарасай ауданында осы мазмұнда үш жүзге жуық білім саласы өкілінің басын қосқан халықаралық форум өтті. Іс-шара аясында СТЕМ пәндері мен жасанды интелектіні оқу барысына қосу тақырыбы басты назарда болды. Шетелдік сарапшылар бұл өзгерісті құптай ма?
Хакім Абай «Ғылым еңбекпен шыңдалса - адамзатқа пайдалы» деп білді. Бұл сөздің ақиқат екенін заман көрсетті. Ал осы іс-шараға шетелген келген мамандар СТЕМ бағытындағы жұмыс барысымен танысты.
NIYDE OMER HALISDEMIR УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ (ТҮРКИЯ)
«Қазақстанға алғаш келуім. Шыны керек, шара мені таң қалдырып отыр. Себебі ұстаздар мен балалардың ғылым бағытындағы үрдістері ұнады. Және жасанды интелектіні осындай дәрежеде пайдаланып отырғандары сүйсіндірді. Қазір әртүрл секцияларға қатысып, өзіме жаңа дүние ашамын деп ойлаймын.
БАҚЫТӘЛІ ДӘУЛЕШИЯР
ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
«Бұл біздің оқушыларымыздың соңғы жобасы. ,,,,,, деп аталады. Бұл айға немесе марсқа баруға арналған жобамыз. Енді таныстырып өтетін болсақ, бұл телефонмен басқарылады. Алдыға, артқа, оңға, солға жүре алады. Сонымен қатар айналаны бақылау үшін ішінен дрон ұшады. Сонымен қатар күннен энергия алып, марсовод жалпы айналада жүруге мүмкіндік береді.»
АҚМАРАЛ БАҚЫТҚЫЗЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Біздің ұстаздар үшін бұл үлкен көмек болып отыр. Яғни жұмысын жеңілдетіп отыр. Сабақ барысында әртүрлі жаңағы қолданып жүрген көрнекіліктер, дайын ізденіс жұмыстары ұстаздар үшін өте үлкен үлесін қосуда. Жасанды интеллект арқылы біз түрлі сабақты түрлендіріп, балаға сапалы білім беруде өте үлкен көмегін тигізіп отыр деуге болады.»
Инновациялық идея - білікті мамандарды бір алаңға жинайтын алаң. Осы сипаттағы басқосулар ұстаздың біліктілігін арттырып, балалардың шығармашылық әлеуетін кеңейтеді.