Қапшағай су қоймасында «Таза су айдындары» республикалық акциясы өтті
Қапшағай су қоймасында «Таза су айдындары» республикалық акциясы өтті. Мақсат – су экожүйесін қорғау және балық қорын сақтау. Акцияда балықтардың уылдырық шашу кезеңінде олардың еркін жүзіп, көбеюіне кедергі келтіретін заңсыз ау құралдарын жою жұмысы жүргізілді.
Испекторлар мен еріктілер балық аулауға тыйым салынған аумақтарды мұқият тексеріп, заңсыз тасталған тор мен басқа да құралдарды тазартты.Нәтижесінде 15 шақырымға жуық балық аулау торы жиналып, айдынан 1 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды. Табиғатты қорғау ісіне белсенді қатысқан азаматтар инспекцияның марапаттына ие болды.
АРУЖАН ТҮСІПХАН
БАЛҚАШ-АЛАКӨЛ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
«Бұл бес жылдан бері қайталанып келе жатқан акция. Жылда өткізіледі. Акцияға 70-тен аса адам қатысып, 40 су қайықтары жұмысқа кірісті. 70 адамның ішінде еріктілер бар, қорықшылар бар және инспекцияның қызметкерлері»