«AMANAT» қолдауымен Алматыда өрттен зардап шеккен отбасының үйі қайта қалпына келтірілді
Өрттен кейін баспанасыз қалған алматылықотбасы бірнеше жыл бойы ауыр жағдайда өмірсүрді. Олардың жағдайы ұлы ауыр жарақат алып, мүгедектікке ұшырағаннан кейін одан әрі қиындайтүсті. «AMANAT» партиясының қолдауыменжүргізілген жүйелі жұмыс нәтижесінде отбасыныңбаспанасы толық қалпына келтіріліп, қалыптыөмірге оралуына мүмкіндік жасалды.
Әңгіме Алматы қаласы Алатау ауданы Ақбұлақшағынауданының тұрғыны Тұрсынбүбі Бөжеевамен оның II топтағы мүгедектігі бар ұлы ЕлтайСадықов туралы. Отбасыға көрсетілген көмек«AMANAT» партиясының үйлестіруімен, депутаттар, мемлекеттік органдар және белсендіазаматтардың қатысуымен ұйымдастырылды.
Отбасының өмірлік қиын жағдайы бірқатарқайғылы оқиғадан кейін басталды. 2019 жылыотбасы асыраушысынан айырылса, 2020 жылытүнгі уақытта орын алған өрт салдарынан олардыңүйі толықтай жанып кеткен. Өрт кезінде үй ішіндеболған ұлы ауыр жарақат алып, кейін мүгедектіккеұшырады. Баспанасыз қалған ана мен бала ұзақуақыт бойы таныстары мен туыстарының үйлерінпаналап, әлеуметтік тұрғыдан осал жағдайда өмірсүрді.
Қиындықтан шығудың жолын іздегенТұрсынбүбі Бөжеева «AMANAT» партиясының Алатау аудандық филиалына жүгінді. Осы сәттенбастап мәселе бақылауға алынып, көмек көрсетужұмыстары жүйелі түрде кезең-кезеңіменұйымдастырылды. Негізгі мақсат – уақытша қолдаукөрсетумен шектелмей, мәселені толық шешуге қолжеткізу болды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде үй қайта тұрғызылды: қабырғалары мен шатыры салынып, ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді және заманауижылыту жүйесі орнатылды. Сонымен қатар тегіннегізде газ құбыры тартылып, барлық қажеттіқұжат рәсімделіп, тұрғын үй инженерлік желілергеқосылды. Қалпына келтіру кезеңінде отбасы азық-түлікпен және алғашқы қажетті заттарменқамтамасыз етіліп отырды. Бұдан бөлек олар медициналық тексеруден өтіп, қажетті ем алуынажағдай жасалды.
Үй маңындағы аумақ та назардан тыс қалмады. «Таза бейсенбі» акциясы аясында арнайытехниканың көмегімен аула толық тазартылып, өрттің салдары мен тұрмыстық қалдықтаршығарылды. Бұл жұмыстар санитарлық жағдайдыжақсартып, қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпалетті.
Сонымен қатар отбасыға құжат рәсімдеу, түрлімәселелер бойынша кеңес беру жәнеұйымдастырушылық қолдау көрсету жұмыстарыжүргізілді. Бұл тек баспананы қалпына келтіруменшектелмей, жалпы өмір сүру жағдайын жақсартуғамүмкіндік берді.
Тұрсынбүби Божееваның айтуынша, «Біз Алматыға 1998 жылы көшіп келіп, өз күшімізбен үй салған едік. Қайғылы жағдайлардан кейін барымыздан айырылып қалдық. Өте қиын болды.Таныстардың, туыстардың үйін паналап жүрдік. Не істерімізді білмедік. Партияға жүгінген кезде,ең алдымен адамгершілік тұрғыдан қолдаусезіндім. «Біз көмектесеміз» деген сөздері бос айтылмаған екен. Депутаттар, мемлекеттік органдар, жанашыр азаматтар атсалысты. Үйімізді қайтадан жаңадан тұрғызып берді. Биыл өз үйімізге қайта оралдық. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Осындай қиын кезеңде қолдау көрсеткен барша жандарға алғысым шексіз».
Бүгінде тұрғын үй толық қалпына келтіріліп, барлық қажетті коммуникациямен қамтамасыз етілді. Отбасының қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруіне жағдай жасалып, олар қалыпты өмірге қайта оралды.
Аталған жағдай күрделі әлеуметтік мәселелерді шешуде жүйелі тәсілдің тиімділігін айқын көрсетеді. «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асқан үйлесімді жұмыс нақты нәтижеге қол жеткізіп, азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер етті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.