25 отбасы баспаналы болды

Талғар ауданында әлеуметтік осал санатқа жататын 25 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтер кілттерін  облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев салтанатты түрде табыстап, тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Сонымен қатар, әкім балаларды оңалту орталығына  ат басын бұрып, мекеменің жұмысымен жан-жақты танысты.


Бұл көктемнің шуақты күінде көптен күткен қоныс тойы. Қуанышын жасыра алмай жүзі жадыраған Талғар тұрғындарын әуелі облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтады. 

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Бүгін сіз үшін үлкен мереке! Сіз осы жаңа, жайлы ғимаратта пәтерлеріңіздің кілтін алып жатырсыз. Сіз, балаларыңыз және отбасыңыз үшін жаңа өмір басталады! Сіздерді осы маңызды оқиғамен құттықтаймын және барлық жақсылықты тілеймін»

Өткен жылы Алматы облысында 1700 үй сатып алынып, оның 1500-і әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, 200-і жалпы кезекте тұрғандарға берілді. Енді биыл 42 млрд. теңгеге 2361 пәтер сатып алуға ұсыныс беріліп, қаражат бөлінген. Бұл үйлер биыл кезең кезеңімен ел игілігіне беріледі. Ал бүгінгі Түзусай ауылында 25 азамат баспаналы болды. Соның бірі бес баланың анасы - Мая Оспанова. 

МАЯ ОСПАНОВА
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
«Менің 77 шаршы метр екі бөлмелі пәтерім бар. Үш бөлмелі пәтер сияқты жарық әрі кең»

Ауданға жұмыс сапары барысында облыс әкімі «Ақ жол» балаларды оңалту орталығына ат басын бұрып, жұмыс барысымен танысты. Әрі қазақы дәстүрге сай тәй басқан сәбидің тұсауын кесіп, өмір жолына сәттілік тіледі. 

ДИНАРА БОЛАТХАНОВА
ҚЫЗЫЛҚАЙРАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

«Қызым екеуміз бұл орталыққа алғаш рет 2021 жылы келдік. Оларда қызымның аяғына отадан айығуға көмектесетін тамаша мамандар бар» 

Орталық дене және ақыл-ой кемістігі бар балаларға медициналық көмек көрсетеді. Бүгінде 300 ге жуық бала осында тәрбиеленіп, ем қабылдайды. 2020 жылдан бастап бұл мекеме мемлекеттік сатып алу бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсетіп келеді. Яғни шығындардың 70 пайызын облыс әкімдігі көтереді. Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев балаларға берілетін бұл көмек әлі де жалғаса беретінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз: