Директорлар кеңесі - Жасанды интеллект – мектеп директорларының көмекшісі

Жасанды интеллект – мектеп директорларының көмекшісі.  Алатау қаласына қарасты Жаңаталап ықшам ауданындағы №11 мектепте білім саласының менеджерлері бас қосты. Семинарда нейрожелілер арқылы жұмысты жеңілдетіп, стратегиялық жоспарлауды цифрлық форматқа көшірудің жолдары талқыланды. Толығырақ келесі бейнематериалда.


Білім беру жүйесіне цифрлық революция келді. Мектеп менеджменті енді жаңа форматқа көшуде. Бұл жолғы семинардың негізгі мақсаты  уақытты бос шығындамай, жасанды интеллект мүмкіндігін максималды пайдалану. Директорлар бұрынғыдай сағаттап есеп жазудан арылып, жұмысты толық автоматтандырудың қыр-сырын меңгерді. Қатысушылар үшін бұл құр теория емес, күнделікті басқару процесін жеңілдететін нақты инновациялық шешімдер алаңы.


ЖАНАР КУЛИЕВА 
СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУШЫ
«Мені өзімді басшы ретінде таңғалдырған бір керемет «смарт скул» деген электронды форматта мектепті басқару жүйесі. Таңғалдырғаны бұл мектептің бүкіл ұстаздарымен, оқушыларымен, ата аналары сол жүйеге қосылып, сол жүйе арқылы өздеріне дереу осы мектепте болып жатқан іс шаралар тцуралы деректер бере алады екен. Мектепте болып жатқан проблемалары тез ара ата аналарға жеткізіледі. 

«Жас директорлар мектебі» қауымдастығының 50 ден астам мүшесі технологиялық трендтерді тәжірибеде сынап көрді. Басты назар есептерді секунд ішінде форматтау мен мектептің ішкі мониторингін қатесіз жүргізуге аударылды. Заманауи тәсілдер басшыларға тек техникалық жеңілдік қана емес, білім сапасын тереңірек талдауға мүмкіндік бермек. Инновациялық құралдарды меңгерген басшылар енді стратегиялық шешімдерді деректерге сүйене отырып қабылдайды.

СӘКЕН ЖАНСАРОВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ 
«Кішігірім жиналыстар бізде соны хаттамасын жасау. Сіз жиналыс барасында кімге, қандай тапсырма бердіңіз, қандай лауазымды тұлғаға және де оның мерзімін, жауапты тұлғасын атап отырсаңыз ол сізге бес минуттың ішінде хаттамасын жасап береді. 

ФАТИМА ЖҰМАШЕВА 
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
«Смарт скул платформасы арқылы өткен оқу жылында біз 68,9 пайызбен аяқтасақ білім сапасын қазіргі таңда 70,3 пайызбен аяқтап отырмыз. Сонымен қатар біздің алтын белгіге үміткер оқушылар саны да өсіп жатыр. 

Қатысушылар жаңа технологияларды келер оқу жылының жоспарына енгізу бойынша нақты жобалар әзірледі. Семинардың негізгі түйіні – цифрлық сауаттылық. Бұл – басшының басты бәсекелестік артықшылығы болмақ.

Сондай-ақ оқыңыз: