Іле ауданындағы жеке үйлердің бірінде газ жарылысынан зардап шеккен балалар Алматыға жеткізілді

Іле ауданы Екпінді ауылында жеке үйде болған газ жарылысы салдарынан зардап шеккен балалар Алматы қаласына жеткізілді.  Алғашында үш бала анасымен бірге Қаскелең қаласындағы аудандық ауруханаға жатқызылған еді. Кейін медициналық көрсеткіштерге байланысты балалар Алматыдағы №1 қалалық аурухананың күйік бөліміне ауыстырылды. Қазіргі таңда Қаскелең ауруханасында дәрігерлер бақылауында тек әйел адам қалып отыр. Зардап шеккен отбасыға ауылдастары 2 миллион теңге көлемінде қайырымдылық көмек жинады. Сонымен қатар баспанасынан айырылған жанұяға мемлекеттен біржолғы жәрдемақы төленетіні хабарланды. Газ желісіне жауапты ұйым – «ГазСервис Холдингі» жеке компаниясы. 1990-жылдары салынған құбыр Жауғашты және Береке ауылдарын да газбен қамтамасыз етіп келген. Құбырды жоспарлы түрде ауыстыру келесі жылға жоспарланған. Қазіргі уақытта полиция тергеу амалдарын бастап, апаттың себеп-салдарын анықтауда. 


БАҚЫТ ҚАДЫРБЕКҰЛЫ 
АҚСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ 
«Мен өз тарапымнан халықпен бірге көмектесу жағын ойластырдым. Кеше больницаға барып келдім, балалар жағдайын білдім, врачтармен сөйлестім. Басқа да кәсіпкерлермен көмектесу жағын ұйымдастырып жатырмын. Біздің қолдан келетіні осы. Ал тергеп, тексеру оған құзырлы органдар бар оған» 

Сондай-ақ оқыңыз: