Газ жарылысының салдары
Іле ауданына қарасты Екпінді ауылындағы жеке тұрғын үйде болған газ жарылысынан зардап шеккен үш бала әлі де Алматы қаласындағы №1 қалалық балалар ауруханасының күйік бөлімінде ем қабылдап жатыр. Олардың бірінің миы шайқалып, бет сүйектері сынған, сондай-ақ денесінің бір бөлігін күйік шалған. Ал екінші балада тыныс алу жолдары зақымданып, әртүрлі дәрежедегі күйіктер анықталған. Жауапты дәрігердің айтуынша, барлық науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұған дейін зардап шеккен отбасыға мемлекет тарапынан бір реттік көмек көрсетілетіні хабарланған еді. Қазіргі таңда оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалды.
ҚҰРМЕТБЕК ТОҚТАР
ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қазір балалардың жағдайы тұрақты. Оң өзгеріс бар. Сауығу үдерісі жақсарып келеді. Барлығы бейінді бөлімшелерде дәрігерлердің бақылауында бекітілген емдеу талаптарына сай ем қабылдап жатыр.»