Есірткі қылмысына тосқауыл
Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді. Ресми мәліметке сәйкес, өткен айда 68 құқық бұзушылық тіркеліп, 57 қылмыстық іс сотқа жолданды. Айналымнан 46 келіден астам есірткі тәркіленіп, төрт зертхана жойылды. Цифрлық кеңістікте де бақылау күшейтіліп, есірткі саудасына қатысы бар 400-ден астам сайт бұғатталды. «Сонымен қатар, алдын алу шараларына аса мән беріледі. Түсіндіру жұмыстары, акциялар мен рейдтер ұйымдастырылады» дейді тәртіп сақшылары .
ДАСТАН ЖЕКСЕНБЕКОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Соңғы 2–3 айда есірткі заттарын өткізуге қатысты құқық бұзушылықтар мен нарколабораториялар анықталды. Қазіргі уақытта оқу орындарында лекциялар мен семинарлар өткізілуде. Біз оқушыларға Telegram арналарындағы түрлі жарнамаларға сенбеу керектігін түсіндіріп, сақ болуға шақырамыз»