Күдікті ұсталды
Полиция қызметкерлері 12 сәуір күні Гүлдала ауылындағы мейрамханалардың бірінде болған адам өлтіру және бұзақылық фактілері бойынша екі қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары және уақытылы жолданған бағдарлардың нәтижесінде 20 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар, бұзақылық фактісі бойынша тағы үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алайда, соттың шешімімен олардың екеуіне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ шарасы қолданылды» деп мәлімдеді полиция департаментінің ресми өкілі.
ЕРНАР САЙДІЛДИН
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ
«Оқиғаның барлық куәгерлері анықталып, қылмыстық іс аясында жауап алынды.Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Барлық тараптардың уәждері мұқият тексерілуде.Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.