Әріптестік нығаяды

Алматы облысына Ресей Федерациясының Бас консулы бастаған ресейлік делегация келді. Облыс әкімімен өткен кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Ресейлік тарап жүзеге асырып жатқан бірқатар бизнес-жобаларды таныстырды. Кездесуде сауда-экономикалық әріптестікке ерекше назар аударылды. Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ресей Федерациясы мен Алматы облысы арасындағы тауар айналымы 1 миллиард АҚШ долларынан асты. Келіссөздер аясында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен салалық кездесуді өткізу жоспарланып отыр. Онда мәдени-гуманитарлық және сауда-экономикалық бағыттар бойынша өзара диалог жүргізіледі.


ДМИТРИЙ ТУРАЕВ
РФ БАС КОНСУЛЫ
«Біз Алматы облысымен туризм саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруді көздеп отырмыз. Нақты бағыттар айқындалып, арнайы жоспар әзірленеді. Бұл ұсыныстар ресейлік туроператорларға жолданып, олар Алматы облысындағы серіктестермен тікелей байланыс орнатады”

МАРИНА АБАКУМОВА
«МАКСИПРОМ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Біз де осы үдеріске қатысқымыз келеді. Байланыс орнатып, өзара ықпалдастықты күшейтуді көздейміз. Сапарымыздың негізгі мақсаты – әріптьестік байланыс орнатып, ортақ жобаларды қолға алу” 

Сондай-ақ оқыңыз: