Ғылымыды дамыту

Алматы облысында ғылым мен өндіріс арасындағы ықпалдастықты арттыруға жаңа серпін берілмек. Облыс әкімдігі жанынан құрылған ғылыми кеңес алғашқы отырысын өткізіп, өңірдің ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттарын айқындады.


Кеңесте облыс әкімі Марат Елеусізұлы ғылым мен өндіріс байланысын күшейтіп, өзекті мәселелерді бірлесіп шешудің маңызын атап өтті. Ғалымдар заманауи сын-қатерлерге жауап беретін басым бағыттарды ұсынды. Әсіресе, робототехника мен ауыл шаруашылығын цифрландыруға мән беру керек. Сарапшылар цифрлық технологиялар мал шаруашылығын тиімді басқаруға жол ашып, фермерлердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік беретінін айтады

СЕЙІТҚАЗЫ КЕШУОВ
ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР 
«Жаңағы қабылдау басқару жүйесі бар емес пе, қазір кооперация деп жатырмыз ғой, сол мысалы кооперативтің төңірегінде басқару жүйесін құруға болады. Ана фермерлерге шешім қабылдауға көмектеседі. Дұрыс шешім, қате болмайтындай. Бір-бірімен түйістіріп, жаңағы тұқым сатушы мен фермерді, фермер мен оның өнімін сататын орын бар емес пе, соларды түйістіріп мысалы. Бұл керемет, өте керекті нәрсе. 

Ғылыми кеңесте өңірдің аграрлық ғылымын дамытудың бес негізгі бағыты белгіленді. Олар:  селекция, органикалық  және карбон егіншілігі мен тұқым шаруашылығы. Сол арқылы ауыл шаруашылығы өндірісінің сапасы мен өнімділігін арттыруға болады.  Әсіресе, органикалық егіншілікке ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытта химиялық тыңайтқыштар мен зиянкестерге қарсы дәрілерді қолданбай, табиғи әрі қауіпсіз өнім өндіру жоспарланып отыр.

СЕРІК АБАЕВ
ҚАЗАҚ ЕГІНШІЛІК ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ  БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Райымбек ауданы біз ойлаймыз ең қолайлы аудан, себебі енді былай айтқанда табиғи топырағы да жақсы, климаты да жақсы. Соған келетін статистика бойынша өте аз минералды тыңайтқыштар қолданатын аудан деп есептеледі. Сондықтан біз осы сала осы ауданда дамиды деп ойлаймыз, соны пилоттық жоба ретінде биыл бастап жатырмыз»

Ғылыми кеңестің алғашқы отырысы ғылым мен өндіріс арасындағы жаңа серіктестіктің бастамасы. Сарапшылар мұндай ықпалдастық ауыл шаруашылығын дамытып,  өңір экономикасының дамуына оң әсер ететінін айтады.

Сондай-ақ оқыңыз: