Жарық жол

Елімізде республикалық маңызы бар автожолдарға лазерлік ескерту жүйесі орнатылды. Бұл жол көлік апатын болдырмауға көмек. Инновациялық жүйе Алматы-Өскемен тасжолының 52 шақырымында және Алматы-Шелек-Қорғас бағытының екі учаскесінде бар. Жаңа технологияға көлік жүргізушілердің пікірі қандай?  Әріптесім анықтады.


Алматы - Өскемен бағытындағы күре жолмен тәулігіне 35 мыңға жуық көлік жүйіикиді.  Жыл басынан бері осы бағытта 18 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның басым бөлігі қараңғы түскен шақта болды. Әсіресе, жүргізушілердің  қалғып кетуі секілді  жағдайлар жиі кездеседі. Енді жол бойына орнатылған заманауи жарық тұман торлап, жаңбыр себелеп не қар қылаулаған сәтте де бағытты анық көруге жағдай жасап, қауіп-қатерді сейілтеді. Бұл жаңашылдыққа көлік жүргізушілердің пікірі әртүрлі.

Аталған әдіс Қытайдың Хэнань өңірінде  бес жылдан бері қолданылып жүр. Нәтижесінде жол көлік апатының 50 пайызға азайды деген дерек бар. Жалпы елімізде осындай 14 қондырғы орнатылды. Оның үшеуі Алматы облысында болса, қалғаны Астана-Қарағанды-Алматы күре жолына қойылды. 

ЖАНАТ ӨТЕПБЕРГЕНОВ 
«КАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ АҚ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ 
«Климаттық жағдайлар дейміз ғой, мынау. Видимость нашар кезде бұл жүйе өзін жақсы көрсетеді. Себебі бұл лазерлік жүйе болғанннан кеййін светі қарап келе жатқанда шамамен 15-20 шақырымда көрінеді бұл. Өзінің жаңағы мерзімі бар қойған гарантия срогы. Сол бойынша тексеретін боламыз СКЛ. Басқа мемлекеттердің опытына сүйене отырып, сондай қорытындыға келіп отырмыз. Енді в любом случае әсері болады оның.» 


СЕРІК МӘУҚҰЛОВ 
«КАЗСЕРВИС» МЕКЕМЕСІ 15-ЖПБ БАСШЫСЫ 
«Уақыты кеші сағат 7 ден таңғы сағат 5 мөлшерінде істеп тұрады. Қыста кеш тез батады және түн ұзақтау болады ғой, ол кезде режим өзгереді. Енді мына түнгі уақытта болдаы. Техниканың қарқыны көбейген уақытта болады. Бір бірін басып озу мақсатында болады. Сондай кездерде орын алып жатады.» 

Одан бөлек биыл Казавтожол компаниясы орташа жөндеу жұмыстары аясында облыс бойынша жол қоршауларын ауыстырып,  шамдарды жаңартпақ. 

Сондай-ақ оқыңыз: