Академиялық байланыс

Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетінде Франция өкілдерімен кездесу өтті. Жанынан франциялық Лотарингия университетінің филиалы  ашылғалы бері мемлекеттік оқыту гранты арқылы үш жүзден аса студент  білім алып жатыр. Кездесуде алдағы әріптестік пен  академиялық ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды. Тақырыпты әріптесім Ақжан Анапия жалғастырсын.  


Екі жыл бұрын ашылған Лотарингия университет филиалы алты бағыт бойынша білім береді. Олар - француз тілі, экономика, халықаралық құқық пен қатынастар, маркетинг, туризм және қаржы мамандықтары бар. Кездесуде еуропалық білім беру үрдісі пысықталды.  

БАНУ НАРБЕКОВА 
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ  
«Қазір 1-2 курста мемелкеттің тарапынан берілген грант арқылы студенттеріміз оқып жатыр. Алты бағдарлама бойынша. Ол хатта тек ЛТ университеті емес, сол ЛТ университетінің әріптестері, француз университеттері, оның ішінде Рэмс Шампан-Арден, Сержей университтерімен де жаңа біздің айтып кеткен алты бағдарламасмызды жүзеге асыру.»


Бірінші курстан бастап француз тілін үйренуге ден қойған елу студент бүгінде Франция университеттерінде академиялық ұтқырлықтан өтуде.  Бағдарлама бұнымен шектелмей, ғылым саласына да көңіл бөлу жоспарланған. 


СЕБАСТЬЯН ДЕ КУРТУА 
ФРАНЦИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚР ЕЛШІЛІГІНІҢ КЕҢЕСШІСІ 
«Бұл ынтымақтастықты тарихи сәт деп атауға болады. Сорбонна-Қазақстан институтының өзі 2014 жылы Франция Президенті Франсуа Олланд пен Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынды. Делегация Алматыда бір апта болып, осы серіктестікті әртүрлі бағытта дамыту жолын қарастырады. Бұл ұзақ мерзімді серіктестік екі ел арасындағы академиялық және мәдени достықтың көрінісі» 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде шетелдік беделді университеттердің филиалдарын  ашып, әріптестік орнату тапсырмасы із жүзінде жүйелі жолға қойылды. Халықаралық маңызды құжатқа алдағы күзде қол қою жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: