Алматыда мұғалімдердің ұжымдық өтінішінен кейін жекеменшік мектепке қатысты шаралар қабылданды
Алматы қаласында жеке мектеп педагогтарының ұжымдық өтініші негізінде еңбек құқықтарын қорғау бойынша нақты шаралар қабылданды. Әңгіме жалақы мен салықтық аударымдардың төленбеуі фактілері туралы болып отыр. Бұл мәселеге «AMANAT» партиясы мен мемлекеттік органдар жедел әрекет етті.
2025 жылғы 2 желтоқсанда «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына «Cosmo International School» ЖШС-нің бас директоры Омедже Космас Емек қатысты ұжымдық шағым келіп түсті. Өтініште мұғалімдерге жалақының кешіктірілуі және міндетті салықтық аударымдардың төленбеуі мәселелері көрсетілген.
Жедел әрекет ету мақсатында Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері, Алматы қаласының еңбек инспекциясы, сондай-ақ Алмалы ауданының білім бөлімінің қатысуымен көшпелі іс-шара ұйымдастырылды. Кездесу Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 204/1 (Радостовец көшесініңқиылысы) мекенжайында өтті.
Көшпелі кездесу барысында өтініштер жергілікті жерде қаралып, барлық тараптардың ұстанымдары тыңдалды, сондай-ақ еңбек құқықтарын қорғаудың қолданыстағы құқықтық тетіктері бойынша түсіндірмелер берілді. Жұмыс берушінің қызметкерлер алдындағы міндеттемелерін орындауына және алдағы іс-әрекеттердің ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жағдай Партиялық бақылау комиссиясының бақылауына алынды. Бүгінгі таңда партияныңықпалымен сот орындаушысы тағайындалып, жалақы бойынша берешекті өтеу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Партияда азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау негізгі басым бағыттардың бірі екені атап өтілді:
«Әрбір осындай өтініш формалды қарауды емес, нақты іс-қимылды және нәтижеге қол жеткізуді талап етеді. Бұл жағдайдамемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мен құқықтық тетіктерді қоса алғанда, барлық қажетті шаралар қолданылды. Жұмыс берешек толық өтеліп, қызметкерлердің құқықтары толық қалпына келтірілгенге дейін жалғасады».
Аталған жағдай халықпен кері байланыстың тиімділігін және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етудің нәтижелілігін көрсетеді. «AMANAT» партиясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, қызметкерлердің құқықтарын қорғауда нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.