БҰҰ: Саммит жоғары деңгейде ұйымдастырылды
Сондай ақ саммит аясында Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйым өкілдерімен кездесіп, ұйымның Орталық Азиядағы экологиялық мәселелерді шешудегі рөліне ерекше назар аударды. Ол қазіргі геосаяси жағдайда климат өзгерісі, экологияның нашарлауы және су тапшылығы секілді сын-қатерлерге қарсы бірлескен іс-қимылдың маңызын атап өтті. Ұйым өкілдері саммиттің жоғары деңгейде өткенін айтып, Президенттің бастамалары өзекті әрі мазмұнды екенін жеткізді. Кездесуде табиғи апаттардың алдын алу және азық-түлік тұрақтылығы жөніндегі жобалар талқыланды. Мемлекет басшысы Халықаралық су ұйымын құру идеясын ұсынып, Алматыдағы өңірлік орнықты даму орталығының маңызын атап өтті