Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесуде әлеуметтік жағдай, жер дауы және кәсіпкерлікті қолдауға қатысты түйткілдер талқыланды. Алдымен Қарасай ауданынан келген Шапиық Жікейұлының мәселесі қаралды. Зейнеткердің қызы мемлекеттік бағдарламамен несие алып, мал шаруашылығын бастағанымен, бүгінде 36 миллион теңге қарызға батқан. Өтініш иесі малдың қырылуына байланысты несие демалысын сұрағанымен, құзырлы органдар аймақта індет тіркелмегенін алға тартуда. Аймақ басшысы бұл даудың тек сот арқылы шешілетінін түсіндірді. Бұдан бөлек, Іле ауданындағы «Дружба» саяжайындағы жер мәселесі де қызу талқыланды. Ондағы 35 жер теліміне қатысты құжаттық кедергілер әлі де шешімін таппай тұр. Тұрғындар атынан сөйлеген Тұрсынхан Қадірова жерді заңдастыруды талап етті. Облыс әкімі аталған мәселе бойынша прокуратура мен жауапты басқармаларға арнайы тексеру жүргізуді тапсырды. 


ТҰРСЫНХАН ҚАДІРОВА
«ДРУЖБА» САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«7 жыл болды жүргенімізге, қолымызда ген проекті документтері бар, бірақ үйімізді сала алмай отырмыз. Қазіргі таңда екінші тұлға Сүлейменова Майра Қабдуалиевтен ЭЦП ключті алып, өз-өзін председатель сайлап алып ол да Екінші тұлғаға жерді сатып жіберіп отыр. Міне бүгін М.Сұлтанғазиевке кірпгенім осы. Басқармаларға тапсырамыз деп айтты..

Сондай-ақ оқыңыз: