Жол сапасы

 Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында орналасқан асфальт-бетон зауыты республикалық маңызы бар жолдарға қажетті жамылғы өндіреді. Кәсіпорын қырыққа жуық ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Өндіріс сапасы Жол активтері ұлттық сапа орталығы тарапынан тексерілді. Толығырақ келесі бейнематериалда.

АҚЖАН АНАПИЯ
ТІЛШІ 
«Бұл - зауыт зертханасы. Дәл осы жерде әрбір сынама жіті бақылаудан өтіп, оның беріктігі, төзімділігі және климаттық жағдайға бейімділігі анықталады. Зертхана мамандары заманауи құрал-жабдықтардың көмегімен асфальт құрмаын дәл есептеп, талапқа сай болуын қадағалайды.»

Зертхана алғаш 2015 жылы аккредитациядан өтіп, содан бері асфальттың сапасы белгіленген талап деңгейінен төмендеген емес. Уақыт сынынан сүрінбей өткен бұл көрсеткіш кәсіпорынның тұрақты дамуы мен жауапты жұмыстың айғағы. Жылына үш мың тоннаға дейін өнім өндіретін зауыт ресейлік технологияны қолданады. 


ҚАНАТ ХАМИТЖАНОВ 
«ЖОЛ АКТИВТЕРІ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ 
« Егер зауыттардың сертификациясы, каллибровка мысалыға, шығарылатын өннімге белгілі бір қағаздар немесе бір құрылғылар жетіспеген жағдайда бұл сәйкес емес деген статуста болады. Бәрін қорытындылай келе біз облыстық әкімдікке, жергілікті органдарға, сонымен бірге казавтожол ұлттық компаниясы мекемесіне хаттарды жолдаймыз.»

Өндірістік аймақта үш асфальт-бетон зауыты үздіксіз өнім өндіруде. Соған сәйкес, шығарылатын өнім түрлері де сан алуан. Суық асфальт көбіне жөндеу жұмыстарына, жолдағы шұңқырларды жамауға пайдаланылады. Құмды асфальт жеңіл жүктемелі аумақтарға лайық болса, қиыршық тасты асфальт беріктігімен ерекшеленіп, автожол құрылысында кеңінен қолданылады. Бұдан бөлек, заманауи технологиямен өндірілетін полимерлі асфальт түрі де бар

НҰРЛАН ЖАНЫБАЕВ 
ӨНДІРІС ШЕБЕРІ
«Украинадан шығарлыған ДС 168 зауыты сағаты 160 тонна асфаль береді, Екіншісі ДС 185 зауыты, ол 56 тонна сағатына береді. Келесісі амонг зауыты. Ол сағатына 180 тонна асфальтбетон береді. Өзіміздің жабық бетенное хранилищеміз бар.  Общий бәрін алатын болсақ 770 тоннадай бетон қоймасы бар бізде»

 Өндіріс филиалы Қонаев қаласы мен Жетісу облысында бар. Кәсіпорын жол-құрылыс саласының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосып келеді. Ол «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясымен тығыз әріптестік орнатып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. 

Сондай-ақ оқыңыз: