Іскер әйел
Еңбекшіқазақ ауданында ауылшаруашылығы саласында әрбір бесінші шаруашылықты әйелдер жүргізеді. Мал өсіріп, егін егіп, бау-бақша баптайтын нәзік жандылар қатары артып келеді. Соның бірі ауласына жылыжай орнатып, табыс тауып отырған Гүлжахан Даргушевамен тілшіміз тілдесіп қайтты.
Гүлжахан Даргушева Еңбекшіқазақ ауданындағы Қорам ауылында тұрады. Оның ауласы мен шағын жылыжайы көп балалы отбасы үшін тұрақты табыс көзіне айнадлған. Күйеуі такси жүргізсе, Гүлжахан жылыжайында қияр мен қызанақ өсіреді. Осы халге жетуіне ауылды жерде көпбалалаы аналарды кәсіптендіру бағдарламасының есптігі тиген.
ГҮЛЖАХАН ДАРГУШЕВА
КӘСІПКЕР
"Екі жыл бұрын ауылда жиналыс болып, жылыжай туралы әңгіме болған. Бардым, тыңдадым, өтініш бердім. Ауданымыздағы көп балалы аналарға жылыжайда қияр, қызанақ өсіріп, отбасын асырап жүрген ауылдасымыз Бақытгүл келді. Ол менің учаскемді тексеріп, су құбырын тексеріп, жылыжай салу туралы өтінішімді мақұлдады"
Өткен екі жылда өнім жаман болмады. Сондықтан Гүлжахан биылғы көктемді де асыға күтті. Ал үйде баптап өсірген қияр өскіндері қазір жылыжайға отырғызуға дайын. Еңбекқор әйел жылда қазан айына дейін шағын жылыжайдан кіргізер кірістің әжептәуір екенін жасырмады.
ГҮЛЖАХАН ДАРГУШЕВА
КӘСІПКЕР
"басында 500-400 ден сатып басталады. Кейін полиянікі шыққанда 250 гне түседі. Ал екінші покаление жақсы өтеді. Ол кезде бәрі банкі жабады. 400-500 ден кем болмайды"
Еңбекшіқазақ ауданында 10 мыңнан аса ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші тіркелген. Оның 2000-ға жуығын әйелдер иелігінде.
МӘНШҮК ӨМІРҒАЛИЕВА
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
"Бізде енді жапы аудан бойынша 10 шаруашылық болса соның 25 пайызының басшылары әйел азаматтар. Көбінесе мал шаруашылығымен егін шаруашылығымен айналысады. Қазір ауданымыздағы әйел кәсіпікердің ең үлкені 85 жаста. Ал келіп жатқан жастар да аз емес"
Гүлжахан Даргушева алда тағы бір жылы жай салуды жоспарлап отыр. Сөйтіп өнім түрлерін молайтқысы келеді.