Білім мен менеджмент
Қонаев қаласында “Aманат” партиясы жанындағы Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған үш күндік оқу семинары басталды. Оған облыстық мәслихат депутаттары мен ауыл әкімдері қатысады. Жиында өңірді дамыту, бюджетті жоспарлау және салық саясатының негізгі тетіктері талқыланды. Дәріскер ретінде Экономикалық зерттеулер институты мен түрлі министрліктердің тәжірибелі сарапшылары шақыртылған. Қатысушылар жеке көшбасшылық қабілеттерін дамыту және командамен тиімді жұмыс істеу тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгереді.
ЖАНДОС ҚАЛТАЕВ
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Осы бағдарлама аясында біз партияның негізгі бағдарламасы болып табылатын сайлауалды бағдарлама, яғни сайлауалды уәделеріміз, сондай-ақ, арнайы аманаттар мен талап-тілектеріміз бар, мынау халық тарапынан түсетін. Осыларды тиімді іске асыру, яғни уәделерімізді орындау мәселесі және болашақта әрбір өзінің елді мекенін, ауылын, ауданын дамытуға қолданады деген нақты сеніміміз бар»
АЙДЫН ЖҮНІСОВ
ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
«Енді бүгінгі алып жатқан біліміміз халықпен кездесу барысында мұң-мұқтаждарын тыңдай отырып, ол кісілердің сұрақтарын шешу жолдарын қарастыру мақсатында күрделі түрде сабақтар өткізіліп жатыр. Алда енді бізде екі күндік сабағымыз бар, әлде де көптеген мағлұматтар алып, білімімізді шыңдай түсеміз деген ойдамыз»