Ғылым мен сапа

Райымбек ауданында мал шаруашылығын дамыту мен ветеринариялық қызмет сапасын арттыру мәселелері  талқыланды.

Басқосуда саладағы өзекті түйткілдер көтеріліп, оларды шешу жолдары қарастырылды . Сонымен қатар, асыл тұқымды мал басын көбейту мақсатында қолдан ұрықтандыру пунктін ашу бастамасы ұсынылды.Бұл бағытта «Алматы асыл түлік» серіктестігімен бірлесіп, жергілікті шаруаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандардың айтуынша, қолдан ұрықтандыру әдісі малдың генетикалық сапасын жақсартып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта ауданда бұл бағытты ауқымда жұмыс атқарылмақ. 

БАУЫРЖАН ДӘРІБАЕВ
 АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ  ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
“ Мамыр айының 12-сінен бастап Шәлкөде ауылында мал ұрықтандыру жұмыстары басталады. Қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеміз. Қазіргі таңда әр ауылдан 5-10 шаруа қожалығы қатысып отыр. Райымбек ауданында пилоттық жоба ретінде 4 ауылдық округті белгілеп, солармен жұмыс жасаймыз. Ал сұраныс болған жағдайда басқа ауылдарда да осы бағыттағы жұмыстар жалғасады.”

Сондай-ақ оқыңыз: